Үздік Академия
0 пікір
14 Apr, 2026
🔸 Бейресми білім беру орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жасанды интеллект – жаңа дәуір бастамасы» атты уоркшобы өтті.
🌟Іс-шараны педагог-инноватор, Temirbek Academy негізін қалаушы, жасанды интеллект құралдарын меңгеруге арналған практикалық курстардың авторы Темірбек Нұрғазыұлы жүргізді.
💻Іс-шара барысында жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, кәсіби цифрлық шеберлікті дамыту және педагогтерге қажетті AI құралдарын қолдану мәселелері талқыланды.
✅Сонымен қатар қатысушылар практикалық тапсырмалар орындады. Жиын барысында цифрлық дәуірде сұранысқа ие маман болудың маңыздылығы атап өтілді. Осы орайда цифрлық технологияларды жоғары деңгейде меңгеру, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторларының бірі екені атап көрсетілді.
🟡Бұл кездесу жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама болды.
📌Жасанды интеллект құралдарын меңгеру арқылы қатысушылар жаңа дәуір талаптарына сай білім мен біліктілік деңгейін арттырды.
Үздік Академия
0 пікір