Үздік Академия
0 пікір
14 Apr, 2026
Қарасай ауданында 11 наурыз күні “Uzdik Ustaz Academy”және “Отбасы хрестоматиясы”қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «TALQY» жобасының соңғы кезеңі өтті.
Жоба аясында 7–11-сынып оқушылары Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен еңбегі жайында мәлімет алып, Санжар Керімбайдың “Мәдени майдан” еңбегін оқыды. Осы арқылы олар ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың рухани мұрасымен танысты.
Бұл бастама жастарды кітап оқуға баулып қана қоймай, ой талдауға, мәдениет пен сана мәселелері төңірегінде еркін пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
Бәйге соңында ауданымыздың
- Ип SAD - SERVICE Сурапбергенов Амир Даулетбаевич,
- Ип Кумашева - Кумашева Сауле Абаевна,
- ИП Турфанова, меңгеруші: Сенгербаева Жаныл Смагуловна кәсіпкерлерімізге қатысушыларға қаржылай сыйлықтарын табыстап, олардың білімге деген құштарлығы мен белсенділігін жоғары бағалағанын үшін алғыс білдіреміз. Бұл қолдау жас оқырмандарға үлкен мотивация беріп, олардың кітапқа, білімге және рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың саналы, парасатты болып қалыптасуына жол ашары сөзсіз.
Үздік Академия
0 пікір